Театр қойылымдары уақытша тоқтатылады

13 наурыз, 17:50

Фото: google.com

Бүгіннен бастап көрермендер үшін кинотеатр мен қатар мәдениет пен өнердің ошағы саналатын театрдың да есігі жабылды.

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID 19 вирусын пандемия деп жариялауына байланысты, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында 13 наурыздан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры қойылымдары уақытша тоқтатылды. Билет қай жерден сатып алынса, қайтару сол жерде жүргізіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации