Театр қызметкерлері мыңға жуық маска таратты

01 сәуір, 17:00

Фото: google.com

Әлемді жайлаған індет Ертіс өңіріндегі Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры әртістерінің де шығармашылық жоспарын өзгертті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алматы, NEGE. Сахна мамандары дайындықтарын тоқтатып, жұртшылыққа көмектесу мақсатында бетперде тіге бастаған. Бүгінге дейін өнер ордасының шағын цехында мыңға жуық бетперде тігіліп, мәдениет мамандары мен қала тұрғындарына таратылды. Өңірдің өнер адамдары «Біз біргеміз» акциясына осылай үн қосты. Бүгінде 50-ден астам өнерпаз бен 100-ге жуық қызметкер уақытша демалысқа шыққан. Дегенмен бұл мәжбүрлі демалыс олардың жалақыларына әсер етпейді дейді, театр әкімшілігі.  

Алмагүл Мұқатова, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының қойылым бөлімі меңгерушісі: Декорациядан қалған, костюмнен қалған матадан тігіп жатырмыз. Өте сапалы, екі қабатты. Лақтырып тастайтын зат емес. Үтіктеп, жуып, қайтадан тағуға болады.

Жарқынбек Амантай, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры директорының орынбасары: Ешқандай дайындық, репетиция жұмыстары жүргізілмейді. Біз оқыс уақытқа дейін Абайдың 175 жылдығына орай «Жас Абай» қойылымын, «Ерте ояндым, ойландым» премьерасын жұртшылыққа ұсынып үлгердік. Осы айдың, наурыз айының соңында Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» қойылымы қойылу керек болған. Осы премьерамыз және де 10-ға жуық қойылымымыз кейінгіге шегерілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации