Танымал топ қазақ сахнасына қайта оралды

11 наурыз, 15:20

Фото: instagram.com

«Жасырма», «Я+ты», «Сердце под прицелом» сынды хит әндермен танылған ұжым сахнаға қайта оралды. 

Алматы, NEGE. «101» тобы осыдан 25 жыл бұрын құрылған еді. Шығармашылық үзілістен соң араға 5 жыл салып тыңдармандарымен қайта кездескен жігіттер Алматыда жеке кешін өткізді. Залды тыңдарманға лық толтырған концерт жанды дауыста өтті. Онда ескі хит әуендер жаңаша нұсқада орындалды. Топ мүшелері сахнаға оралуымызға жанкүйерлердің сұранысы сеп болды дейді. «Над землей» атты су жаңа әнін ұсынған өнер иелері алдағы уақытта еліміздің түкпір-түкпірін  аралап, әр аймақта ән кешін өткізбек ниетте. Оған қоса, «101»-ліктер жанкүйерлер жоғары бағасын берген трекке бейнебаян түсіреміз деп шешіпті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации