Танымал әртіс вирус жұқтырғанын мәлімдеді

16 наурыз, 10:27

Фото: instagram.com

Голливуд актрисасы, «Квант милосердия» фильмінде Джеймс Бондтың сүйіктісін сомдаған Ольга Куриленко коронавирус жұқтырды. Бұл туралы жұлдыз Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Актрисаның айтуынша, ол коронавирусқа тесті оң нәтиже көрсеткен соң, бір аптадан бері үйде карантинде жатыр. 

«Дене қызуы мен әлсіздік – негізгі симптомдарым. Сақ болып, бәрін назарға алыңыздар!», – деп жазды Куриленко. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации