Танымал актриса 51 жасында ана атанбақ

17 ақпан, 14:30

Фото: ukrinform.ru

Дженнифер Энистон бүгінде кино әлемінде тасы өрге домалаған әртістің бірі. Көптеген фильмде басты рөльді сомдаған бұрымдының өнерде жұлдызы жанғанымен, жеке өмірде жолы болмады. Бірнеше рет тұрмысқа шыққан актриса осы уақытқа дейін бала сүйе алмаған.

«Interview» журналы жақында 51-ге толған Дженнифер Энистонға арнайы тегін фотосессия жасады. Түсірілімде қара көйлек киіп, белі мен санын айқара ашып суретке түскен актриса, өзінің мінсіз мүсінімен жұрт назарын аударды. Одан бөлек, сұқбат барысында ана атанғысы келіп жүргенін айтқан.

«Өзім толыққанды отбасында өспегендіктен, баламның әкесі болғанын қалаймын. Сондықтан болашақ сәбиім әкесіз өспейді. Осы қағиданы берік ұстаймын», - деген өнер иесі жақын күнде жақсы жаңалығымен бөлісетінін жеткізді. Ендеше, Голливудты бағындырған Дженнифер Энистон 51 жасында ана атанса таң қалмаңыз!

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации