Тағы бір деректі фильм көрерменге жол тартты

21 ақпан, 15:35

Фото: kazakhfilmstudios.kz

ҚР Ұлттық кітапханасында «Бабалар мұрасы» циклы бойынша түсірілген режиссер Бақыт Қайырбековтың «Ер қанаты» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Алматы,NEGE. «Бұл фильм жазиралы кең далада өсіп, шыдамдылық және төзімділік қасиеттерімен ерекшеленетін, халқымыз айрықша қастерлейтін  қазақ жылқысын бүкіл әлемге таныстыру мақсатында жасалған. Көп нәрсе фильмге кірмей қалды, бірақ, көрермендерге ең бастысын жеткізе алдық деп ойлаймын», - деді фильмнің режиссері Бақыт Қайырбеков.

Фильмде жылқыға байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың тарихы туралы баяндалады. Ұлттық эпосқа және мифологияға, сондай-ақ тарихи мәліметтерге сүйене отырып, қазақ жылқысының тарихын зерттейді.

Деректі таспаның түсірілімі Шығыс Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Алматы облыстарында, сондай-ақ Монғолияда өткен. Сонымен қатар, картинада Ботай мен Берелдегі қазба жұмыстарының мұрағаттық кадрлары қолданылды.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации