Шолпан Қорғанбек «Абай сыры» атты күй шығарды

23 қыркүйек, 21:23

Фото: google.com

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай композитор Шолпан Қорғанбек «Абай сыры» атты күй шығарды.

Алматы, NEGE. Шолпан Қорғанбек – мәдениет қайраткері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі. Шығарманың музыкалық бейнесі Абай тұлғасымен байланысты.

Бұл шығармада ұлы жазушы, қазақ ойшылының бейнесі туған табиғатының бірегей сұлулығын сипаттау арқылы ашылады.

Халық әні рухындағы лирикалық әуен, дала кеңістігіндегі музыкалық бейне Абайдың философиялық толғаныстарын жеткізеді. «Абай сыры» шығармасының музыкалық тілі мәнерлі және әуезді. Онда ән, шертпе күй сияқты халық жанрларының интонациясы үйлесім тапқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации