Шет ел асып кеткен өнер өкілдері елге қайта алмай отыр

19 наурыз, 16:40

Фото: google.com

Елдегі төтенше жағдай мен әлемдегі індетке қарамастан көптеген Отандық жұлдыздар мұхит асып, сапарға аттанған еді. Енді олар Отанына қайта алмай отыр.

Алматы, NEGE.  Жақында ғана «ақ келін» атанған Динара Бақтыбаева жұмыс бабымен Түркия еліне кеткен. Бірақ түсірілімі аяқталғанымен актриса сол елде қалуға мәжбүр болған. Стамбулдан Атырауға ұшуы тиіс рейстің барлығы тоқтатылды. Жағдайға сабырмен қарауға тырысқан өнер иесі «барлығы  қауіпті індеттің алдын алу үшін жасалып жатқан сақтық шаралары» дейді.

Ал бал айын Бірккен Араб Әмірліктерінде өткізіп жүрген Олжас Әлжан болса, саяхатқа аттануға алғашында қорыққанымен, арнайы жолдаманы ата-аналары  екі ай бұрын сыйға тартқандықтан бас тарта алмағандығын айтады. Біз үшін уайымдамаңыздар деген актер барынша сақтық шараларын үнемі ұстанатынын жеткізді.

Аланиядағы анасына аттанған Алуа Қонарова үшін де жанкүйерлері мен оқырмандары алаңдап жүр. Бірақ продюсердің өзі «қорқуға еш негіз жоқ. Анамның қасында мені ешқандай ауру алмайды», - деп инстасында пост жариялап, көп күдікті серпілткендей болды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда еліміздің барлық шекаралары бекітілді. Ешкім шет ел асып шыға алмайды. Отандастарымыз Қазақстанға оралған шақта әуежайда мұқият тексерістен өтеді. Ал Қытай, Үндістан, Германия сынды 1а, 1б, 2 категориялы елден келгендер міндетті түрде 14 күндік карантинге жіберіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации