Шәмші Қалдаяқов музейі ашылды

14 тамыз, 18:09

Фото: google.com

Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды, деп хабарайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. Аталған шара Ұлы композитордың 90 жылдық мерейтойына арналды.

Қазақ руханияты үшін елеулі мерекеге облыс басшысы арнайы келіп, музеймен танысты.

«Бүгін айтулы мереке. Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Алайда, осы облысқа келгелі Шәмшінің кіндік қаны тамған жерде Шәмшіге арналған музейдің жоқ екенін білдім. Тіпті біздің бүкіл республикада «Қазақ вальсінің короліне» арналған бірде-бір музей жоқ. Аз уақыт ішінде кеткен кемшіліктің орнын толтыру үшін тапсырма беріп, демеушілер есебінен Шәмші музейінің ашылуын қолға алдық. Шәмші музейі – Жидебайдағы Абай музейі секілді жас композиторлар мен жас әншілер тәу ететін зиярат орнына айналуы тиіс», –  деді Өмірзақ Шөкеев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации