«Шәмші әлемі» атты концерттік қойылым өтеді

04 наурыз, 19:00

Фото: google.com

ҚР халық әртісі, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан мен  Алматы қалаларында  «Шәмші әлемі» атты үлкен концерттік қойылым ұйымдастырылады.

Алматы, NEGE. Айтулы кешке танымал опера солистері қатысады. «Шәмші әлемі» концерттік қойылымына Берлиннен София Гарделадзе, Бішкектен Саян Исин және Конго Республикасынан «Джамбо-Джамбо» тобы арнайы шақырылған. Одан бөлек, «МузАрт» тобының белді мүшесі Сәкен Майғазиев өнер көрсетеді.

Жобаның авторы – композитордың ұлы, Абай атындағы опера және балет театрының дирижері, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Мұхтар Қалдаяқов.

Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойына арналған кеш наурыз айының 14 жұлдызында Алматыда, ал  Нұр-Сұлтанда 19 наурызда өтеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации