Сәкен Майғазиев YouTube желісі арқылы көрермендермен қауышты

30 наурыз, 17:09

Фото: google.com

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев YouTube желісі арқылы көрермендермен қауышты. 
Алматы, NEGE. «МузАРТ» тобының әншісі онлайн режимде екі сағаттық жеке шығармашылық кешін жанды дауыста өткізді. Өнер иесі репертуарындағы белгілі  әндерін шырқап, халықпен бірге екенін жеткізді. Онлайн концерт мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақтелеком компаниясының YouTube арнасында ұйымдастырылып келеді. Карантинге қарамастан көктемнің кештерін көңілдірек өткізуге еліміздің өзге де талантты әншілері бұл бастамаға өз үлесін қосатын болады. Қауіпті індеттің таралмауын алдын алу жолында елдің тыныс-тіршілігі тұтастай онлайн режимге көшкен. Карантиндегі қам көңілді жүдетпеу мақсатында елімізде «Біргеміз» акциясы қолға алынған еді. Атап айтқанда, акция білім беру, спорт, жұмыспен қамту сынды бірқатар саланы қамтыды. Мәдениет саласы да назардан қыс қалмады.
«Әр кеш сайын Ютуб каналындағы тікелей эфирде Қазақстанның әйгілі әртістері концерт береді. Онлайн режимідегі Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Сейдоллаұлы, Ғаділбек Жанай жеке концерттерін беріп үлгерді. Сонымен қатар ҚР Халық әртісі Роза Рымбаевада жеке кешін өткізді», - дейді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі және оның әріптестеріне Твиттер арқылы ризашылығын білдірді. 
 #Birgemiz Вирустың таралмауын алдын алу мақсатында әлем тұрғындарының төрттен бір бөлігі бүгінде карантинде отыр. Денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Stay at home, яғни «Үйде бол» акциясына әлем әншілері де үлесін қосты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации