Сәбит Әбдіхалықов театр ұжымымен қоштасты

04 наурыз, 10:01

Фото: instagram.com

Сәбит Әбдімүтәліұлы театр қызметкерлерінің алдында 1 жылдық қызметтік есеп бере отырып, денсаулығының созылмалы ауруына байланысты М.Әуезов театрының директор лауазымын өз еркімен босатқанын хабарлады.

Алматы, NEGE. Театр ұжымы директор қызметінен кетуді ұйғарған экс-басшыға сый-құрмет көрсетіп, қоштасты. М.Әуезов театрының ақсақалдары атынан сөз алған ҚР еңбек сіңірген әртісі Мұрат Нұрасілов Сәбит Әбдіхалықовқа үлкендерге көрсетілген құрмет, кішілерге бағытталған ілтипатына алғысын білдірді.  Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов Сәбит Әбдіхалықовты 94 жылдық театр тарихында үздік басшылар қатарынан орын алатынын жеткізді.

«Театр жүрегінің төрінен орын алған Сәбит бауырыма театр есігі әрқашан да айқара ашық», - деп сөзін қорытындылады. Ұжым атынан алғыс айта отырып, арнайы шапан жауып, шығарып салды.  Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықов басшылық қызметке 2018 жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации