Роботтар эстрадаға ауыз сала бастады news video

03 наурыз, 06:14

Өзінің жеке альбомы бар робот арнайы музыкалық аспапта ойнап, ән салады.

Алматы, NEGE.  Робот-музыкант Джорджия технологиялық институтында 2017 жылы жасалған.

Содан бері ол ксилофонға ұқсас маримби аспабында ойнап, өз музыкасын жазып үйренген. Өзінің алғашқы Into Your Mind синглін де шығарды.

Бұл туралы International Business Times хабарлады.

Shimon есімді роботтың 10 тректен тұратын жеке музыкалық альбомы да бар. Енді Shimon музыканттар тобымен бірге алғашқы гастрольдік сапарына шықпақ.

Робот қай қалалар мен елдерде өнер көрсететіні әзірге белгісіз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации