«Ринго» тобының экс-әншісі қайда жүр?

05 наурыз, 18:20

Фото: instagram.com

«Ринго» тобының бұрынғы мүшесі Батыр Байназаровты енді актер ретінде көрсеңіз таңғалмаңыз!  Ол әншілікті емес, кино әлемін таңдауды жөн санапты. 14 жылдан астам уақыт сахнада өнер көрсеткен сері, үлкен экраннан көрінуді мақсат тұтып отыр.

Алматы, NEGE.  Бүгінде Батыр өнердегі жетекшісі Алуа Қонарованың қол астында бірігіп жұмыс жасап жүр. Сонымен қатар «Рензо» тобының қосалқы продюсері қызметін атқаруда. Алдағы уақытта сахнаға оралуды көздемейді. Ол актерлық шығармашылығын ғана дамытпақ ниетте. Байназаров «Ринго» тобынан кеткеніме еш өкінбеймін дейді. Енді кино әлеміне түбегейлі бет бұрмақ. Ал Батырдың жұбайы Әсел Жамақаева болса, өнерге қайта оралғысы келеді. Таяуда ғана инстаграм парақшасына «сахнаны сағындым» деп жазған экс-аюмилік әнші декреттік демалыстан кейін шығармашылығын жалғастыруды жоспарлап қойған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации