Raim мен Артурдан жаңа туынды
13 наурыз, 18:30
Raim мен Артур бейнебаянның тұсауын кесті. Қазақ сахнасына жаңа леп әкелген өнерпаздар кезекті туындысымен тыңдармандарын қуантты.
Алматы, NEGE. Осыдан екі жыл бұрын құрылған boysband бүгінде шоу-бизнестің нағыз жұлдыздарына айналды. Олардың репертуарындағы әндер жастар арасында кеңінен таралған. Жақында әлеуметтік желіге жүктелген жігіттердің жаңа бейнебаяны небәрі 3 күннің ішінде миллоннан астам қаралым жинады. Raim мен Артурдың өнеріне тыңдармандар оң бағасын беруден жалыққан емес.