Продюсер жариялаған кастинг онлайн арқылы өтті

26 наурыз, 16:48

Фото: google.com

Әли Оқаповтың экс-директоры Ерлан Әлімов талантты жас өнерпаздардың жұлдызын жағуға ниеттеніп жүр. Продюсер жыл басында дарынды өнерпаздарға кастинг жариялаған болатын.

«Жаңа әншілерді іздейтін боламын. Тәжірибем жеткілікті. Өте дарынды өнерпаздарды тапсам жақсы болатын еді. Сол бойда продюсерлік жұмысқа бет бұрамын. Мынадай әнші болу керек деген мақсат жоқ. Бастысы ән айта алатын адам қажет. Елімізде талантты жастар көп болғандықтан оларға қолдау керек», – дейді продюсер.

Кастинг барысында Ерлан Әлімовпен шығармашылық байланыс орнатуға үш мыңға жуық үміткер ниет білдіріпті. Қатысушылар онлайн тыңдалым арқылы бақ сынаған. Күні кеше продюсер әлеуметтік желіде жеңімпаздардың есімін анықтады. Енді жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 27  вокалист, карантиннен соң ақтық сынның алаңында жүздеспек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации