Потап: Ерлан жеңімпаздан да мықты болды news video

27 сәуір, 17:31

«Украина дауысы» шоуында Потап пен Настяның командасында өнер көрсеткен қазақстандық әнші Ерлан Байбазаров финалға шыққан. Алайда 18 жастағы Роман Сасанчин жеңісті жұлып әкетті.

Алматы, NEGE. «Менің ойышма, Ерлан жеңімпаздан да мықты болды. Ол – біз үшін осы маусымның жеңімпазы. Ең бастысы, Ерлан әртіс ретінде, музыкант ретінде өзін дәлелдеді. Ерланның болашағы зор. Бұдан әрі де достығымыз жалғасады, бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз», – деді Потап.

Настя да Ерланның мақтауын асырды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп жазды: «Музыка әлемінде Ерлан өзінің нақты стандарттары арқылы барлық канондар мен стереотиптерді бұзды. Сенің дауысың да өзің сияқты ашық және ерекше».

Ерлан Байбазаров финал өткен күні (26 сәуір) 30 жасқа толды. Ол Потап пен Настяға алғыс айтып, шығармашылығын шыңдай беретінін жеткізді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации