Мәдениет

12.11.19 Жұлдызы жанған Жазылбекова

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова АҚШ-та «Ең үздік әйел рөлі» сыйлығымен марапатталды. Отандасымызға аталған марапат Қазақстан мен ҚХР бірлесіп түсірген «Композитор» фильміндегі рөлі үшін берілді.

11.11.19 «Биле!»

ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов Республика сарайында жеке шығармашылық ән кешін өткізді. Кезекті концертке әнші тыңғылықты дайындалған. Сарайға жиналған өнер сүйер қауымның қарасы қалың. Айта кетейік, билеттер уақытынан бұрын сатылып кетіпті.

11.11.19 Режиссерлер мемлекеттік тілге неге шекеден қарайды?

Бұрынғылардан қалған «айтпаса сөздің атасы өледі» деген тәмсіл тегін емес шығар. Біршама уақыттан бері қазақ режиссерлерінің туындыларын қалдырмай көруге тырысып жүрмін. Біржағы отандық өнімді қолдағаным. Көрмейін десең де, көлегейлеп шыға келетін кейбір сәтсіздіктерді тізбесек те, негізгілерін айту керек шығар. Жуырда режиссер Рашид Сүлейменов «Зеркала» (Айна – ред.) фильмінің тұсауын кесіп, прокатқа шығарды. Киноға түскен актерлердің басым бөлігі қазақ тілді бола тұра, көптеген сахна орысша таспаланған. Неге?

09.11.19 Америкалықтар асырап алған қыз актриса атанды

2004 жылы америкалық ерлі-зайыптылар Либерти және Лаура Смидтер Қарағанды қаласынан жасқа да толмаған қазақ қызын асырап алып, тегін Стелла Смит деп өзгерткен екен. Сол 16 жастағы Стелла қазір АҚШ-та сериалға түсіп жүр. Бұл ақпаратты Baigenews.kz таратты.

08.11.19 Тілімізді шенділерден қорғайтын кезге де келдік

Биік мінберлерден мемлекеттік тілді тұғырына қондыру жайында жиі сөз болады. Мәселен, таяуда Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» дегені есте. «Біз қазақ тілінің дәрежесін көтеру үшін жұмыс істеуіміз керек. Үкімет пен парламент өз жұмысын тек мемлекеттік тілде жүргізуі қажет. Ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл басымдылығы күшеюі тиіс», – деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Мұны сең қозғалды деуге бола ма? Мемлекеттік тіл конституцияда көрсетілген мәртебесіне сай қолданыла бастады ма?