Мәдениет

22.11.19 Өзге елде жұлдызы жанған қазақстандықтар

Қазақ шоу-бизнесі баршамыздың назарымызда. Көңілді кеш, той-томалақ, қымбат көлік, тасыған танымалдық, осы орта өкілінің қазіргі сүріп жатқан өмірі. Көпшілік іштей армандайтыны рас. Ол үшін талантың тасып, өнерің өзгені елітуі тиіс. Сонда ғана шоу-бизнестің өкілі болуың бек мүмкін. Өнерде шек жоқ, сондықтан шетел асып басқа мемлекетті мойындатсаң да өз еркің. Осыған орай, өзге елде жұлдызы жанған қазақстандықтар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

22.11.19 Ассалаумағалейкум, Димаш!

Димаш Құдайбергеннің Жапонияға сапары талай уақытқа азық болар оқиғаға айналды. Тіптен, тарихи деп бағаласақ та артық емес. Бұл жайында БАҚ-тан бастап, түгел әлеуметтік желі таңдана, таң қала жазып жатыр. Димаш шыны керек ешбір өлшемге сыймайтын өнерінің арқасында феноменге айналды. Рас, 40 рулы қазақ, түбі бір түркі жұртына ғана емес, ол – адамзаттың феномені. 

22.11.19 Қайраттың бағын жаққан әннің құны қанша?

Кез келген концертінде ине шаншар орын болмайтын «мега-жұлдыз» Қайрат Нұртастың алғаш айтып шыққан «Арман», «Ауырмайды жүрек» әндері бүгінге дейін ел есінде. Осындай хит әндерді дүниеге әкелген сазгер Бауыржан Есебаевтың Қайраттың бағын ашқан әндерді қаншаға сатқаны белгілі болды.

21.11.19  «Абай жолын» тыңдауға болады

Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы қазақ тіліндегі аудиокітаптар топтамасын әзірлеуде. AudioKitap қосымшасына Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы дайындалу үстінде. Бұл туралы Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы Facebook желісінде мәлімдеді.

21.11.19 Әмір Темірден қалған үрдіс

Атақты билеуші Әмір Темір өз заманында музейге сый жасауды үрдіске айналдырған екен. Аталған игілікті істі Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдени қорық–музейі күні бүгінге дейін жалғап келеді.

20.11.19 Әлішер Кәрімов  ұзақ жылдан дертті екен

Ең алғаш музыкалық байқау арқылы қалың көпшілікке танылған Әлішер Кәрімов өнерде тасы өрге домалаған әншінің бірі. Үнемі ізденіп, жаңа имидж қалыптастырып жүрген әншінің көрермен білмейтін сыры көп.

17.11.19 Әлем аруы-2019: Немен мақтанамыз? (видео)

14 желтоқсанда Лондонда «Әлем аруы-2019» байқауы өтеді. Бұл байқауда Қазақстанның ең сұлу қызы Мәдина Батық бағын сынайды.

15.11.19 Әншілер кино түсіруге неге әуес?

Бүркіт деген лақап атпен танылған әнші Айбек Жансейітовтің жарыққа шыққан отандық кинотуындылардың кейбіріне көңілі толмайды. Сапасына емес, мазмұнына. Айтуынша, қазіргі таңда сауатты сценаристер қатары сиреп кеткен.