Мәдениет

27.11.19 Айтыс ақындарын баулитын мектеп ашылды

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында айтыс өнерінің жанашырына айналған Жүрсін Ерман атындағы ақындар мектебі ашылды.

27.11.19 Ержан Максим көктемде Польшада концерт береді

Жас әнші Ержан Максим наурыз айында Польшада концерт өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы жас әншінің қатысуымен Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

27.11.19 Мәдени шараларға сұраныс артуда

Қазақстанда өнер мен демалысқа құйылатын инвестиция бір жарым есеге өсіп, рекордтық 119 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы finprom.kz сайты мәлімдеді.

26.11.19 Артур Төлепов: «Барлық түсірілген фильмнің басты рөлін сомдауға лайықпын!»

Артур Төлепов қазақстандағы танымал жас актер.  Тележүргізуші, әнші, шоумен. «Жау жүрек мың бала» фильмі талай жас актердің бағын жаққаны жасырын емес. Соның арасында өнерге деген құштарлығы бала кезден басталған өнер өкілі Артурда бар. Талантты актер Қазақстандағы таспаланған кез-келген туындында басты рөлді сомдауға лайық екенін айтты.

26.11.19 Патша сөздің – Фаризасы

М.Әуезов  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында  Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Айтулы шараға ақынның көзін көрген әріптестері, қаламдас достарымен қалың көрермен жиналды.

26.11.19 Атақты музейге ұры түсті

Германияның Дрезден қаласындағы «Алтын қор» музейінен саксон ханшайымының аса құнды әшекей бұйымдары ұрланды. Euronews.com таратқан ақпаратқа сүйенсек, екі ұры музейге баса көктеп кірген. Бейнекамераға түсіп қалған олар бірінші қабаттағы терезенің торкөзін арамен кесіп, витринада тұрған әшекей бұйымдарды қолды еткен.

25.11.19 Алматыда ретро әндер шырқалды

Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында  еліміздің белгілі композиторларының шығармаларын жастарға насихаттау мақсатында «Сағындырған әндер-ай» ретро фестивалі өтті. Айтулы шарада ҚР Халық әртістері мен жас өнерпаздар бір сахнада ән шырқады.

25.11.19 Екінші болудың кереметі

Күні кеше ғана Польшаның оңтүстігінде орналасқан Гливице қаласында «Junior Eurovision-2019» байқауы өтті. Еліміз екінші жыл қатарынан қатысқан тартысқа толы бәсекеде отандасымыз Ержан Максим екінші орын алды.