Мәдениет

29.11.19 Маржан Арапбаева:  «Еңбегім еленді»

Танымал әнші Маржан Арапбаеваға профессор атағы берілді.

28.11.19 Францияда күй күмбірледі

Қазақтың күйі  Франция төрінде әуеледі. Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы»  оркестрі мен «Ұлытау» тобы Парижде концерт ұйымдастырды.

28.11.19 Үкі Әжиұлының жеке көрмесі өтеді

5 желтоқсан күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Үкі Әжиұлының жеке көрмесі өтеді. Қазақстан акварелінің шебері, қазақ өнеріне еңбегі сіңген өнер қайраткері, мәдениет пен бейнелеу өнері саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш президенті стипендиясының лауреаты, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Әжиев Үкі Әжиұлының 95-жылдық мерейтойына арналған көрмеге 70 астам графикалық және кескіндемелік туындылар қойылған.

28.11.19 Ақбота Керімбекова неге өкпелі?

Танымал әнші Ақбота Керімбекованың әлеуметтік желідегі басылымның біріне көңілі толмай жүр. Өнер иесінің shownews.kz ақпараттық порталының тілшілер қауымына өкпесі қара қазандай.

27.11.19 Осы жылдың ең дарынды жастары анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды primeminister.kz.

27.11.19 Халықтың 20 пайызы кітап оқымайды

Қазақстандықтардың 20 пайызы кітап оқымайды. Бұл туралы Social Development Center қоғамдық қоры хабарлады.  

27.11.19 Аспаптану ғылымының абызы

Кеше Халықаралық TURKSOY ұйымы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен өнер-білім ордасының құрылғанына 75 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар аясында белгілі этноорганолог-ғалым, өнертанушы Болат Сарыбаевтың «Ғалым мұрасы» атты кітабы мен «Болат Сарыбаев және түркі әлеміндегі этноаспаптану мәселелері» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.

27.11.19 Айтыс ақындарын баулитын мектеп ашылды

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында айтыс өнерінің жанашырына айналған Жүрсін Ерман атындағы ақындар мектебі ашылды.