Мәдениет

31.08.20 Театр ұжымы бес айдан соң көрерменмен қауышты

Қарағанды облысында да бүгіннен бастап, карантин шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

29.08.20 «Dearmash FM» радиосы іске қосылды

Чилиде «DEARMASH FM» тәулік бойғы интинтернет-радио жұмыс істей бастады.  Алматы, NEGE.  Радио толқынында аптаның 7 күнінде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады, деп хабарлайды dimashnews.com сайты. «Радиостанция Димаштың шығармашылығын, Қазақстанның мәдениетін насихаттау мақсатында ашылған. Интернет радионы Чили халқы ғана емес, барлық Латын Америка тыңдай алады. Радионың негізін қалаушы, әрі директоры – Карлос Пачеко. Жұмысты жолға қойып, жоспарды жүзеге асыруға Мария Инес Санчес пен Вивиана Суньига да үлес қосты», — делінген ақпаратта. Әр жұма сайын, Чилидің жергілікті уақытымен 22.00-де «DEARMASH FM» радиосында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әндермен бірге, арнайы бағдарлама ұсынылады. Онда қазақстандық әншінің шығармашылық жолы, Қазақстан туралы мәліметтер беріледі. 1-інші және 2-інші бағдарламалар: «The singer» 3-інші бағдарлама: «Димаш және Игорь Крутой» 4-інші және 5-інші бағдарламалар: «Казақстан». Бұл радиобағдарламаларды тұрақты түрде трансляциялауға Димаштың Оңтүстік Америкадағы жанкүйерлері құрған «DQ Alianza Sudamericana Official» тобы қолдау танытып отыр. «DEARMASH FM» радиосы: Сайт: www.zeno.fm/dearmash IG: dearmashfm Facebook: RadioDearmashChile Почта: radiodearmash@gmail.com 

24.08.20 Димаш суретін жүктеген ару кім?

Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде белгісіз арумен түскен суретін жүктеп, елді елең еткізді. 

23.08.20 Димаш польшалық фанаттарына алғыс айтты

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын.

22.08.20 Junior Eurovision байқауына қатысатын өренді бірге анықтайық

Junior Eurovision халықаралық ән байқауында ел намысын қорғайтын өренді бірге таңдайық.

22.08.20 Румынияда Қазақстанның мәдени күндері басталды

Румынияның Клуж-Напока қаласында Қазақстанның мәдени күндерінің ашылу салтанаты өтті. Бұл жайында Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің Facebook парақшасында жарияланды.

20.08.20 Қазақстандық сценарист Халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды

Ұлыбританияда Еуразиялық Шығармашылық Гильдия кинофестивалінде қазақстандық автор Зәуре Төреханованың «Жібек құртының ұясы» шығармасы «Үздік сценарий» аталымы бойынша үздік деп танылды. 

19.08.20 Тулешова үздік өнер көрсетті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова американдық America's Got Talent таланттар шоуының үшінші айналымында өнер көрсетті.