Отандық телехикая көрерменге жол тартпақ

17 ақпан, 13:00

Фото: khabar.kz

Наурыз айынан бастап «Бақталас» телехикаясы көрерменге жол тартады. Шытырман оқиғаға толы туындының ең басты ерекшелігі - ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталады.

Телехикаяның сюжеттік желісінде екі жігіт арасындағы бәсекелестік баяндалады. Талантты көкпаршы Қайсардың өмірі мен жетістігі кеңінен суреттеледі. Қызғаныш пен қастандық, жақсылық пен жамандық көрініс табатын туындыда Асылхан Төлепов, Олжас Әлжанов, Мақпал Хасенова секілді жас актерларден бөлек кәсіпқой көкпаршылар түскен.

«Телехикаяның басты идеясы ұлттық спортымыз - көкпар ойынын дәріптеп, қазақ тұлпарларының араб немесе ағылшын сәйгүліктерінен еш кем емес екенін паш ету», -  дейді режиссер Қанағат Мұстафин.   

Режиссердың айтуынша, туған жерге деген патриоттық сезімді оятатын телехикаяның жастарға берер тәрбиелік мәні зор.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации