Отандық прокатта көш бастаған фильм

06 наурыз, 12:20

Фото: google.com

Отандық кинопрокатта кассалық табысымен топ жарған туындылар тізімі анықталды. «Ticketon.kz» сайтының мәліметінше, өткен уик-эндте «Я пышка» лентасы көш бастады.

Алматы, NEGE. Баян Алагөзованың жаңа фильмі айналымдағы алғашқы аптада 68 миллион теңгеге жуық пайдаға кенелді. Картинада артық салмақпен күресіп жүрген қыздың оқиғасы баяндалады.

Фэшн тақырыпты арқау еткен туындыда Тәуекел Мүсілім, Жәния Джуринская басты рөлді сомдайды. Аталмыш картинаның идеясы отандық дизайнер Назым Қарпықоваға тиесілі.

Әйгілі актер Джим Керри басты рөлді сомдаған «Соник» картинасы 39 миллион теңгемен екінші сатыда.

Топ-үштікте «Джентельмендер» детективті комедиясы. Әйгілі режиссер Гай Ричи таспалаған лента өткен демалыста 16 миллион кіріс көрді.

Атыс-шабысқа толы туынды есірткі тасымалдаумен айналысатын бизнесмен туралы. Ол өзінің қулығының арқасында ақсүйектерді алдап кетпек болады. Алайда, серінің бұл әрекетін детектив әшкерелеп, бөгет жасайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации