Отандық актерлердің көңілінен шыққан фильмдер тізімі

26 наурыз, 16:38

Фото: google.com

Карантин кезінде киногерлер қауымы жаңа челлендж бастады. Үй жағдайында тамашалауға болатын үздік кинотуындыларды актерлер инстаграм арқылы таласа  жазды.

Жаңа челленджді қолға алған киноиндустрия өкілдері де әншілер қауымынан қалысар емес.

 «Бәріңе сәлем! #Кинокарантин эстафетасын Ерланнан қабыл алдым.Менің сүйікті бес фильмім: «Самый пьянный округ вмире», «Форрест Гамп», «Список Шиндлера», «Любовь и голуби». Тамашалайтын үздік картиналар көп. Бірақ, дәл қазір есіме түскені осылар», – дейді актер Жандос Айбасов.

Бұл Жандос Айбасовтың көңіліне жаққан туындылардың тізімі. Еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты отандық режиссерлер мен актерлер ұжымы өздері ең үздік деп таныған фильмдердің тізімін әлеуметтік желіге жариялауда. Мәселен, Нұртас Адамбай жанына жақын картиналарды төмендегідей топтастырған.

«Достар, «кинокарантин» деп аталатын челленжге қатысуды ұйғардым. Ереже бойынша сүйікті бес фильммен бөлісу керексіз. Сонымен, менің үздіктерім: «Форрест Гамп», «Храброе сердце», «Список Шиндлера», «Крестный отец», «Социальная сеть», – дейді кинопродюсер Нұртас Адамбай.

Иә,комедияларды таспалауды жаны сүйетін продюсердің фильм қараудағы талғамы тым бөлек. Шындығында Нұртаскүлкілі киноларды емес, әскери туындылар мен драма жанрын таңдаған. Сонымен қатар, танымал актер Тәуекел де бұл эстафетадан тыс қалмады.

«Челлендждге байланысты тізім, есіме түскендері «Дневник памяти», «Зеленая миля», «Бригада» осы киноларды міндетті түрде көріңіздер», – дейді актер Тәуекел Мүсілім.

Отандық шоу-бизнестің серісі махабббат пен романтикаға толы туындыларды жиі тамашалайтын көрінеді. Ал, Мүсілімнің әріптесі Фархад Абдраимов аталған челленджді балаларға бағыттады. Актер мектеп кезінде оқыған кітаптарын еске түсіріп, үздік деп таныған үштігімен бөлісті.

«Бала кезімегі кітаптар тізімімен бөліскім келіп отыр. Бұл Александр Дюмның «Үш ноян» атты кітап, ол әлі де менде сақтаулы. Ол кезде бізде телефон, гаджет дегендер болған жоқ. Болады деп те ойламадық, сондықтан кітап оқыдық. Менің кітапханамда 46 жыл бойы сақталыпты. Кітапты көбірек оқыңыздар, бұл өте қызық. Повесть «Хадже Насириддин» мен « Генри жайлы» повестін оқысаңыздар болады», – дейді актер Фархад Абдраимов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации