Отандасымыз Италиядағы кинофестивальдің бас жүлдесін иеленді

01 сәуір, 13:16

Фото: google.com

Қазақстандық оператор Ескендір Нарымбетов Италияның Турине қаласында өткен кинофестивальдің бас жүлдесін иеленді. 
Алматы, NEGE. Әлемді жайлаған пандемияның кесірінен жеңімпаздар онлайн түрде жарияланды. Интернационалдық команданың «Олма Джон» фильмі халықаралық додада ерекше көзге түскен. Осы жолы жарыста ұсынылған барлық туынды кинозалда емес, ақылы стриминг платформасында көрсетілген болатын. Доданың нәтижесінде режиссер Виктория Якубованың дебютті кинокартинасы ең үздік операторлық жұмыс бойынша бас жүлдені қанжығасына байлады. Айта кетейік, кинооператор Ескендір Нарымбетов үшін бұл – алғашқы халықаралық жеңіс. Шараның қазылар алқасы да оның туындысына жоғары баға берді.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации