«Оскар» сыйлығына қазақстандық фильм ұсынылды

04 желтоқсан, 13:29

Фото: ғаламтордан

Қазақстандық «Ұлы Дала зары» фильмі «Оскар» сыйлығынан үмітті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы, NEGE. Қазақстандық кинотуынды «Оскар» сыйлығының «Шет тілдегі үздік фильм» номинациясына ұсынылған. Фильмнің продюссері - Ернар Мәліков, ал режиссері - Марина Кунарова.

«Қазақстанның киногерлер одағы АҚШ-тағы «Оскар» комитетіне біз жақтан осы кинотуындымызды ұсынды. Біз АҚШ-қа фильмді жолдадық, осыдан екі күн бұрын «Оскар» сыйлығы комитетінің шешімі шықты. Олар қазақстандық фильмді қабылдағаны туралы хаттама шығарды. Енді алдағы уақытта анкета толтыртып, фильмді қандай форматта жолдау қажеттігін хабарлайды», - деді фильмнің продюссері Ернар Мәліков.

«Оскар» сыйлығының қорытындысы келесі жылдың сәуір айында жарияланады. «Ұлы Дала зары» фильмі – 1920-1933 жылдар аралығындағы қазақ халқының басынан өткен Ашаршылық тарихына арналған кинотуынды. Сол зұлмат кезеңде қазақ халқы ашаршылықтан қырылып, аман қалғаны шетелде босып кетуге мәжбүр болған еді. Фильмнің тұсаукесері 2020 жылғы 7-9 қараша аралығында Лос-Анджелестегі Халықаралық Азия кинофестивалінде өткен.

Ернар Мәліковтың айтуынша, фильмді түсіруге бес жылдай уақыт кеткен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации