«Орда» тобы мерейтойын атап өтеді

04 наурыз, 12:53

Фото: instagram.com

«Орда» тобының құрылғанына биыл 20 жыл. Осы айтулы мерейтойға орай, өнер иелері есеп беру кешін өткізбекші.

Алматы, NEGE. Аты аталған топ ең алғаш «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театры арқылы танылған еді. Ағайынды Беделхан мен Оразбековтердің бастамасымен құрылған топ шоу-бизнес әлемінде атын қалыптастырып үлгерді. Бүгінде олардың репертуарындағы ән тыңдарманның оң бағасын алды.  Сахнадағы би қойылымдарымен ерекшеленген жігіттер қазіргі таңда мерейтой кешіне дайындықты бастап кеткен. Алдағы уақытта өтетін концертте бойзбэндтен өзге, сахна жұлдыздары төбе көрсетпейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации