Өнер ұжымы карантинге қарамастан жаңа қойылымды сахналамақ

17 наурыз, 15:20

Фото: google.com

Елімізде карантин жарияланса да «Артишок» театры жұмысын тоқтатпады. Сахна саңлақтары тұңғыш рет «Ер Төстік» спектаклін онлайн трансляция арқылы халық назарына ұсынады. Жаңа қойылым «Игеру» атты  заманауи музыка ансамблінің сүйемелдеуімен өтпек.

«Алғаш рет дәл осындай қиын жағдайға тап болдық. Елдегі төтенше жағдайға байланысты көрерменсіз қалсақ та, қойылымды кейінге шегергіміз келмеді. Сондықтан қойылымды онлайн трансляция арқылы өткіземіз», - дейді театр директоры Анастасия Тарасова.

Тәуелсіз театрдың әр көрермені спектакльді тікелей эфир арқылы көрмес бұрын, қалауынша онлайн төлем жасап, ұжымға қолдау көрсете алады. Айта кетейік, «Ер Төстік» камералық операсы 17 наурыз күні кешкі сағат 20.30 да «Артишок» театрының ЮТУБ желісіндегі каналында онлайн түрде өтеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации