Өнер иелері тазалық сақтауға шақырды

31 наурыз, 14:30

Фото: google.com

ҚР Денсаулық сақтау министрі бастаған челленджді өнер иелері жаппай қолға алды. Отандық шоу-бизнес өкілдері қауіпті індетпен күресудің тәсілдерін көрсетті.
Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедростың «қауіпсіз қолдар» атты челленджі Қазақстанға да жетті. Эстафетаны қабылдаған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, енді бұл бастаманы отандық шоу-бизнес өкілдеріне жолдады. Бүгінде аталмыш шараға қарапайым халық та, әлемге танымал тұлғалар мен өнер өкілдері де жаппай қолдау көрсетуде. 

«Достар, мен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың эстафестасын қабыл алдым. Қолды тек карантин кезінде емес, күнделікті қалай дұрыс жуу керектігін айтайын. Ол үшін су мен сабын қажет. Алақанымызды жақсылап тазалаймыз және суды үнемдеуді ұмытпаймыз», – деді Нұртас Адамбай.

Бір жарым минут бойы қол жуудың тәсілін ұсынған Нұртас, аталмыш челленджді алдымен президентке жолдауды жөн санаған. Режиссер Тимур Бекмамбетов пен өнердегі әріптестерін де назардан тыс қалдырмады. Нұртас Адамбай карантинде отырған жұртқа барынша демеу білдіріп, белсенділік танытуда. 
Ал «KeshYou» тобының әншісі Ләззат болса, инстаграм парақшасына арнайы бейнежазба жариялады.
«Баршаңызға сәлем! Елімізде таралып жатқан коронавирус барлығымызды алаңдатпай қоймағаны анық. Ендеше бұл індеттің алдын алу үшін тазалыққа мән беруіміз қажет. Мен сіздерге қолды қалай дұрыс жуу керектігін көрсететін боламын.  Қолымызды кем дегенде 20 секунд жууымыз керек», – дейді ол. 
«Қауіпті індеттің алдын алу жолы - сақтық шараларын қатаң сақтау мен қолды мұқият жуу» деген актер Жахан Отарғалиев та, қазақстандықтарды тазалықты сақтауға  шақырды. Әзілкеш он саусақты 20 секунд бойы жақсылап сабындап жуып, әр адаммен амандасқан сайын тазалау керектігін астарлы әзілмен жеткізді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации