Нұржан Керменбаев: отбасымыз жаңа адаммен толықты.

31 наурыз, 15:30

Фото: google.com

Нұржан Керменбаев көрерменімен онлайн арқылы қауышты.
Тікелей эфирде Нұржан Керменбаевта кеш өткізді. Тыңдарманына репертуарындағы белгілі  әндерді шырқаған ол концерт барысында отбасындағы жағымды жаңалығымен бөлісті. Жақында ғана үшінші рет әке атанған қара бала кесте тігердің есімін Тасним деп атаған.
Нұржан Керменбаев, әнші: Мен ең бірінші қуанышыммен бөліскім келіп отыр. Қуанышым - отбасымыз жаңа адаммен толықты. Мен қызды болдым. Мен үшін өте қуанышты жағдай. Иә, екі ұлым бар еді, енді қызды болдым. «Қызың болған бөлек, енді өзіңді әке сезінесің» – деп жатыр жақындарым. Есімі –Тасним, әжесі қойды. Бойы – 50 сантиметрден, салмағы 3 киллограмнан асып туылды.
Карантин кезінде Керменбаев бос уақытын шығармашылығына емес, отбасына арнауды жөн санапты.
Нұржан Керменбаев, әнші: Мен негізі балаларыммен ойнамайды екенмін, сол дүниені түсініп жатырмын қазір. Соңғы күндері балаларыммен ойнаймын, олар да мәз. Олар да балабақшаға бармай жүр, сондықтан достарын сағынады. Бірақ уақыт өте келе барады деген ойдамыз, сенімдеміз. Соны түсіндіріп бағудамыз бала-шағамызға.
Төтенше жағдайға байланысты мәдени шаралардың жаппай тоқтауы өнер өкілдері үшін оңайға соқпағаны белгілі. Қаламақысын түрлі кештерден бөлек, той-томалақтан табатын Керменбаев та карантиннің тоқтап,  жұмыстың қызатын сәтін тағатсыздана күтіп жүр.
Нұржан Керменбаев, әнші: Жалпы тек елде емес,күллі әлемде болып жатқан жағдайлардың бәрі сейіліп, басылып, барлығымыздың көретініміз қуанышты күндер болсын.  Тойға барайық. Тойларымыз тоқтап қалды,  десең, иә?! Негізі  ешкімге жасырын емесбіздің табыс көзіміз ол той, концерттердің барлығы тоқтады. Тек  өнер өкілдерінің ғана емес, басқа салада жүрген адамдардың да жұмысы тоқтап жатыр. Барлығы тез арада шешімін табады деп сенейік.
Кеш соңында жақсылықта жолығайық деген әнші індеттің тезірек алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауға шақырды.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации