Нұрболат Абдуллин: заманнан қалып қойсам да мен олай жасамаймын

30 наурыз, 19:00

Фото: google.com

Төтенше жағдайға байланысты әншілер онлайн трансляция арқылы концерт өткізіп жүр. Алайда, олардың бұл бастамасын Нұрболат Абдуллин құптамайтынын жеткізді. 
Алматы, NEGE. Сәуір айының үшінші жұлдызында Республика сарайында Нұрболат Абдулиннің де  жеке шығармашылық кеші өтуі тиіс болған. Қауіпті індеттің кесірінен мәдени шаралардың жаппай тоқтатылғаны белгілі. Сондықтан өнер иелері онлайн концерт өткізуді қолға алды. Бірақ Нұрболат әріптестері секілді тыңдармансыз концерт бергісі келмейді. Оның себебі де жоқ емес.
«Онлайн концерт беру деген шығып жатыр екен. Заманнан қалып қойсам да мен олай жасамаймын. Алла басыңа салса көнесің де, көресің. Бірақ бетін аулақ қылсын деп тілеймін. Сахнада көрермен қошеметі мен ықыласын көзбен көріп,жүрекпен сезінгеннен артық әнші бақыты бар ма сірә да», - дейді Абдуллин.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации