Мемлекет басшысы Қарақат Башанованы құттықтады

30 қараша, 18:44

Фото: google.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар Евровидениесі – 2020» финалының қатысушысы Қарақат Башанованы құттықтады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді», – деп жазды Мемлекет басшысы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации