Мексикалық актер Абайдың танымал әнін шырқады

18 ақпан, 16:00

Фото: elveracruzano.mx

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай қазақстандықтар ақын шығармашылығынан өлең оқып, арнайы челлендж бастаған еді. Енді бұл бастама шет елде жалғасын тапты.

Алматы, NEGE.  Ұлы тұлғаның әні Мексика төрінде шырқалды. Танымал мексикалық актер, продюсер, Мексика Конгресінің мәдениет және кинематография бойынша комиссиясының төрағасы, Парламент депутаты Серхио Майер Бретон «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, әлеуметтік желідегі #Менабайдыоқимын челленджін жалғастырды. Оған эстафетаны отандақ актер Асылхан Төлепов жолдаған болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации