Мадина Сәдуақасова танымал хитменмен бірге өнер көрсетпек

21 ақпан, 12:35

Фото: instagram.com

Мадина Сәдуақасова шоу-бизнестегі серімен дуэт орындайды.

Алматы,NEGE. Осы уақытқа дейін бірге ән шырқайтын өнер иесінің есімін жасырып, құпияда ұстап жүрген Мадина әлеуметтік желіге бейтаныс жігітпен  түскен суретін жариялаған еді. Көпшілік оны «Азия» тобындағы  Ринат Баситов деп топшылады. Одан бөлек, оқырмандар бұрымдының киген киіміне шүйлігіп, кереғар пікірлерін қалдырған. Алдағы уақытта Сәдуақасовамен бірге өнер көрсететін серінің кім екені белгілі болды. Ол Қайрат Нұртаспен дуэт құрмақ.

«Дуэт Қайрошпен ғой. Бұндай стильде, түріктің әнін алғашқы айтуым болғандықтан сәл қиналыңқырадым, бірақ ән жазылды. Ал, алдындағы посттағы бумерангтың несі дұрыс емес? Миллион қыз жасайды оны тура солай, ешқандай жерім ашық емес сияқты, қай жері «не то»? Джинсы..? Жаңа коллекциясындағы бүкіл әлем киіп жүрген джинсыі. Сосын, жасым 80 ге келсе мүмкін олай жасай алмаспын, белім қатып, ал қазір, керек десеңіз мостикқа тұрып берем», - деп жазды Мадина.

Қос өнерпаздың орындауындағы жаңа ән көктемде тыңдарманға ұсынылмақ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации