Көрерменсіз өткен мерекелік кеште белсенді еріктілер марапатталды

16 наурыз, 12:39

Фото: google.com

«Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымы мен  «Хабар» агенттігі биыл екінші рет «Ұлыстың ұлы күні» жобасын ұйымдастырды. 2020 жыл волонтерлер жылы болғандықтан, қайырымды жандардың еңбегі еленді.

Алматы, NEGE. Әлемдік індеттің алдын алу үшін кезекті мерекелік шара көрерменсіз өтті. Алайда, эстрадаға танымал өнер өкілдері әдеттегідей әдемі костюмдерін киіп, барынша дайындықпен келген. Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Жеңіс Сейдолла сынды әншілер қатысқан жоба дәл Наурыз мерекесінде «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Залда көрермені болмаса да, көгілдір экраннан көптің тамашалауына мүмкіндік бар. Одан бөлек, салтанатты жиында еліміздің ең белсенді еріктілеріне «Ізгі амал» жүлдесі табысталды. Игі іспен айналысып жүрген қайырымды жандар «Ұлыстың ұлы күні» деп аталатын әлеуметтік жоба аясында арнайы номинациямен марапатталды. Айта кетейік, елімізде 222 еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Ондағы 50 мың адам қиындыққа тап болғандарға қол ұшын созып жүр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации