Комедия жанрында тағы бір фильм түсірілді

19 ақпан, 12:40

Фото: instagram.com

Өмірде де, өнерде де жақын құрбыларға айналған актриса Сая Оразғалиева мен Жәния Джуринская және блогер Дана Есеева бірігіп су жаңа комедия таспалады.

Алматы, NEGE. Режиссер Асқар Бисембин қолға алған туынды экшн жанрында болмақ. Ал сюжеті танымал блогерлердің шынайы өмірлеріне негізделген. Үш құрбы, дәл осылай, лента арқылы қыздар арасында шынайы достық болатынын дәлелдемек. Жоба авторларының айтуынша, су жаңа картина жаңа жыл қарсаңында көрерменге жол тартпақ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации