«Қызыл шамдар көшесі» қайта ашылады

30 маусым, 11:55

Фото: ғаламтордан

Үш айлық карантиннен соң Амстердамдағы әйгілі «Қызыл шамдар көшесі» қайтадан ашылады. Бұл туралы Telegraph жазды.

Алматы, NEGE. Нидерландының премьер-министрі Марк Рютте әйгілі көшенің қызметкерлеріне ертеңнен, яғни сәрсенбінің сәтінен бастап жұмыс істеуге рұқсат берді.

«Бұл да шаштараз немесе массаж салоны сияқты қызмет түрі. Сондықтан да келген қонақтардан «Коронавирус белгілері жоқ па?» деп сұрау керек» деді Рютте.

«Қызыл шамдар көшесінің» қызметкерлері карантин талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Сондай-ақ премьер-министр «қызметтің» қай түріне рұқсат етілетінін немесе рұқсат етілмейтінін анықтау үшін Нидерландының қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институтына сауал жолдады.

Telegraph-тың жазуынша, секс-индустрия өкілдері бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдаған. Өйткені коронавирустың кесірінен қыруар табыстан қағылыпты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации