Кино және драма театрлар жабылады

12 наурыз, 13:19

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Коронавирус індетіне байланысты Қазақстандағы сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жабылады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жабылады. Ал ойын-сауық орталықтарына жабу туралы айтуға құқымыз жоқ», – деді. Бұл театрларға да қатысты. «ДҰҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізілмейді. Сауда, вокзалдар, санитарлық күшейеді», – деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации