Кинотеатрда сатылған билеттер бірыңғай жүйеде тіркеледі

06 наурыз, 15:50

Фото: google.com

Кинотеатрларда сатылған билеттер туралы мәліметтер енді бірыңғай жүйеде тіркеледі. Бұл қазіргі киноға деген сұранысты бақылауға мүмкіндік бермек.  

Алматы, NEGE. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ кино саласында Отандық фильмдердің саны арта бастады. Әрине бұл қуанарлық жайт. Тарихтағы ұлы тұлғаларымызды ұлықтаған кинотуындыдан бастап, қоғам келбетін суреттейтін фильмдер аз таспаланып жатқан жоқ. Бүгінде қазақ киносы топ жарып, кассалық түсімі жағынан шет елдің фильмін артта қалдырды. Мемлекет тарапынан отандық кинорежиссерлар мен продюсерлерге қолдау бар. Былтыр Кинематография туралы арнайы заң да қабылданды. Жуырда сала мамандары бас қосып, қазақ киносын халықаралық прокатқа шығару жайын талқылады. 

«Киноматография туралы заң шеңберінде ұсынылған қаржыландыру схемасында ең алдымен фильмдерді қаржыландыру көлемі бойынша нақты градация қарастырылған. Осылайша мемлекет тарапынан толық көлемде жоғары әлеуметтік маңызы бар  фильмдер қаржыландырылады. Бірінші кезкете өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған тарихи картиналар, патриоттық кино оқиғалары фильмдер қарастырылады», - дейді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешев.

#кинотеатр, #билеты, #NEGE, #Алматы, #Отандық #фильмдер,
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации