Киносүйер қауым алтын қорға енген фильмді ғаламтор арқылы көруге мүмкіндік алды

17 наурыз, 17:00

Фото: google.com

Қазақ киносының алтын қорына енген ең танымал туындыларды енді ғаламтордан көруге болады. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы аңызға айналған фильмдерді тегін көрсетілімге шығарды.

Алматы, NEGE. Көрермен киностудияның «YouTube» желісіндегі арнасынан қазақтың алғашқы дыбыстық «Амангелді» фильмін, «Қыз-жігіт», «Менің атым Қожа», «Мәншүк туралы дастан», «Көксерек», «Транссібір экспрессі», «Кардиограмма»,  «Гауһартас» және т.б фильмдерді тамашалай алады.

Айта кету керек, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ресми youtube-арнасында тәуелсіздік жылдары жарық көрген 4 толықметражды және 15 қысқа метражды анимациялық фильмдер, сонымен қатар қазақ киносының классигі - Шәкен Аймановтың толық фильмографиясы бар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации