Кинорежиссер Сатыбалды Текеев 70 жасқа толды

05 наурыз, 16:30

Фото: google.com

Бүгін белгілі режиссер Сатыбалды Текеев 70-ке толды.

Алматы, NEGE.  ҚР Кинематографистер одағының мүшесі өнер жолын 1977 жылы «Қазақфильм» киностудиясында бастады. Әр жылдарда «Айдаһар жылы», «Знай наших!», «Жамбылдың жастық шағы» фильмдерінде екінші режиссер ретінде жұмыс жасаған.

Бүгінгі күнде оның түсірген фильмдерінің тізімінде 30-дан астам деректі фильм бар. «Жібек жолы», «Азиада-2011», «Аралдың арда перзенті», «Бекзат», «Генерал Ертаев», «Сағдат Нұрмұхамбетов. Соңғы сұқбат» сынды айтулы туындыларды ерекше атауға болады. Бірнеше кинокартиналары халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері атанған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации