Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы 100 жасқа толды

20 ақпан, 15:25

Фото: almaty.tv

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы атанған Зұлқия Мұқанқызын ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

Алматы, NEGE. Зұлқия Мұқанқызы Жұматова 1920 жылдың 20 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1958 жылы Алматы телестудиясының дикторлыққа жарияланған байқауға қатысып, 750 үміткердің арасынан үздік шығады.

«Мәдениет министрлігінің өкілдері бастаған комиссия 20 кісіден тұрды. Олар ақылдасып болған соң, «Сіз бірауыздан өтесіз» деді. Артынан білгенімдей, бағанадан бері менімен тілдескен Шәкен Айманов екен. Қасыма келіп ризашылығын білдірді. Сол кезде 1 орынға 750 адам үміткер болыпты. Дәл осылайша, қазақ теледидарындағы тұңғыш диктор болу бақыты менің маңдайыма бұйырды», - дейді мерейтой иесі З.Жұматова.

Зұлқия Мұқанқызы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде телехабарлар мен жаңалықтардың жүргізушісі ретінде қатысып, Юрий Левитан, Нина Кондратова сияқты бүкіл одаққа танымал дикторлармен қатар дикторлық өнердің құпиясымен танысады. Зұлқия Жұматова қара шаңырақта 1958 жылдан 1970 жылға дейін жемісті еңбек етті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации