Кассалық табысымен топ жарған фильм

02 наурыз, 18:30

Фото: instagram.com

Отандық кинопрокатта кассалық табысымен топ жарған туындылар тізімі анықталды. «Ticketon.kz» сайтының мәліметінше, өткен аптада ресейлік «Мұз 2 / Лед 2» лентасы көш бастады.

Алматы, NEGE. Киносүйер қауыммен қайта қауышқан спорттық драма айналымдағы екінші аптада 35 миллион теңгеден аса пайдаға кенелген. Фильм сюжеті Александр Петров және Аглая Тарасованың сомдауындағы қос ғашықтың үйленіп, қызды болуынан басталады. Жас отбасының тұңғышы да мәнерлеп сырғанауға қызығушылық танытады. Картина дәл осы кішкентай қыздың спорттағы алғашқы қадамын баяндайды.

Әйгілі актер Джим Керри басты рөлді сомдаған «Соник» картинасы 31 миллион теңгемен екінші сатыға жайғасты. Фильм өзінің жылдамдығымен танылған «SEGA» ойындарының кейіпкері – Сониктің бастан кешкен хикаясы туралы.

Ал «The Gentlemen / Джентельмендер / Джентльмены» детективті комедиясы 20 миллионға жуық кіріс көріп, топ үштікті түйіндеді. Атақты режиссер Гай Ричи таспалаған тың туындыда Мэттью МакКонахи, Хью Грант, Колин Фаррелл және Генри Голдинг сынды голливудтың актерлары бой көрсеткен.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации