Кәріпбек Күйіков картинасын 42 500 теңгеге сатпақ

25 қыркүйек, 20:09

Фото: google.com

Қарағандылық қолы жоқ суретші Кәріпбек Күйіков картиналарының бірін сатылымға қойды. Ол 42 500 теңге тұрады.

Алматы, NEGE. Суретте жаз мезгілі, жайылып жүрген сиыр мен бұзау бейнеленген.

"42 500 теңге. Сатылады", – деп жазады автор Facebook-те.

Пікірлерде ол карантин кезінде сол қалпы 42 500 теңге төлемді ала алмағанын жазған. 

«Мүмкін, олар картиналарымды Обамаға сыйладым, онда 42 500-ді сол жіберсін деп ойлаған шығар», – дейді суретші.

Кәріпбек Күйіков – ерні мен аяғының саусақтары көмегімен картина салатын қазақстандық суретші. Халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі.

Оның ата-анасы Семей ядролық полигонындағы сынақтар кезінде радиациялық сәулеленуге ұшырап, нәтижесінде ер адам қолсыз дүниеге келген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации