Иманбек Грэмми жүлдесінен кейін қалай тез байып кеткенін айтты

07 сәуір, 13:57

Фото: thebell.io

Әйгілі "Грэмми" жүлдесіне ие болған алғашқы қазақстандық Иманбек Зейкенов өзінің табысы туралы тың мәліметтермен бөлісті. Жас диджей желіні жарған хитынан кейін қанша ақша тапқанын айтып берді деп жазады zakon.kz.

Алматы, NEGE.  «Қазір менің концертім 10 мың еуро тұрады. Концерттен қанша қаржы тауып келгенімді нақты айта алмаймын. Алайда, бүгінге дейін 10 млн рубльден (55 млн теңге) көп табысқа кенелдім" , - деп ағынан жарылды Иманбек "По студиям" бағдарламасына берген сұхбаты барысында. Күллі әлемге танылған "Roses" ремиксінің авторы "Грэммиді" жеңіп алғаннан кейін айналасында бұрын-соңды араласпаған түрлі туысқандары, жаңа достар мен бауырлар пайда бола бастағанын айтты. "Бұдан қашып құтылмайсың. Алайда, бұл мен үшін жағымсыз жайт. Бұған дейін араласып көрмеген аса танымал емес жігіттер кенеттен менің "жақыным" болып шыға келді. "Мені тарт, біз балабақшада бірге болдық, біз жерлеспіз ғой" деді. Егерді шынайы өмірде олар маған келіп қалса, қалай мән бермейсің. Әрине, олармен сөйлесемін. Маған жазғандарға жауап беруге тырысамын. Бірақ, мен ондай адамдармен арақашықтықты сақтап жүремін" , - деді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации