Илон Масктың нәрестесінің аты кім?

09 мамыр, 12:36

Фото: ғаламтордан

Мамырдың 5-і күні аты әлемге әйгілі миллиардер Илон Маск пен әнші құрбысы Граймс ұлды болды. Масктің бірінші әйелінен 5 баласы бар.

Алматы, NEGE. Шоумен Джо Роганның YouTube арнасындағы студиясына қонаққа келген Илон Маск ұлының атын айтты. Құрбысы Граймс екеуі ұлдың атын «X AE A-12» деп қойыпты. Эфирде мұны Илон Масктің өзі былай айтқан: «Экс, Эш, Эй Твелв».

Миллиардердің мұнысын жұрт жаппай талқылап жатыр. Қалжыңға балап жатқандар да, болашақтағы жобаларының бірімен байланыстырып жатқандар да бар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации