«Халықтан көмек сұрағаным үшін мені боқтағандар болды»: Алмат Сақатов ақша жинауды тоқтатты

05 наурыз, 15:37

Фото: caravan.kz

Актер Алмат Сақатов өзінің туған жиенінің емі үшін ашылған шотты жабық деп хабарлады. Ол емге қажетті қаражаттың толық жиналғанын айтты. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алмат Сақатов өзінің инстаграм парақшасындағы stories бөлімінде видео жариялады.

«Ассалаумағалейкум ағайын! Жұма қабыл болсын! Отбасыларыңыздан бақ пен береке кетпесін. Алладан сұраған дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын. Мен тағы да айтамын бүгін жиенімнің еміне арналып ашылған сбор тоқтатылды. Ешкім ақша салмасын болды. Алғысым шексіз құрметті ағайындар.

Құдай қаласа менде көмектесем шамам жеткенінше. Аман болыңыздар деймін. Мен әпкеме ел болып, жұрт болып жиенімнің еміне қаражат жинаймыз дегенмін. Бірінші Алла, сосын сіздердің арқаларыңызда қаражат толық жиналды. Алғысым шексіз.

Құрметті ағайын, маған артық ақша қажет емес, тек еміне керек болды және ол жиналды. Болды енді ақша салмаңыздар тоқтатыңыздар Алла разы болсын! Содан кейін достар менің бір сұрайтыным осы видео басқа жақтан шығып басқа телефон каспий шығып жатса, ақша салмаңыздар ағайын. Алданып қалмаңыздар!

Енді кейбіреулер маған ұрысты, тіпті боқтағандар да болды осындай абыройың бар ұялмайсың ба халықтан ақша сұрауға деп.  Енді тығырыққа тірелгенде сіздер болдыңыздар, жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей барлығы Алла, сосын сіздердің арқаларыңызда ағайын! Алғысым шексіз. Аман болыңыздар» , – деп сөзін аяқтады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации