«Гудбай, мой бай-2» фильмі ел назарында

22 ақпан, 10:00

Фото: instagram.com

Отандық фильмдер қатары жаңа кинокартинамен толықты. Әнуар Матжановтың режиссерлік етуімен таспаланған «Гудбай, мой бай-2» туындысы көрерменге жол тартты.

Алматы, NEGE. Аталмыш фильмнің бірінші бөлімі алғаш рет 2018 жылдың күзінде үлкен экранға шығып, көпшіліктің  оң бағасын алған. Содан болар, режиссер   комедияның кезекті бөлімін таспалауды жөн көрген. Өткен жылдың тамыз айында түсірілімге  кіріскен шығармашылық топ жобаның дайындық жұмыстарына  бір жылын сарп еткен. Алғашқы бөлімін таспалауға 200 мың доллар қаржы жұмсалған туындының екінші бөліміне 100 миллион теңге кеткен.

Отбасылық өмірді арқау еткен фильмде 4 жанұяның бастан өткен қызықтары мен қиындықтары  баяндалады. Жоба жетекшілері ерлі-зайыптылардың өмірін өткір әзіл арқылы жеткізіп, жанұяны сақтап қалуды мақсат еткен.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации