Голливуд жұлдызы коронавирус жұқтырды

12 наурыз, 12:18

Фото: google.com

Танымал актер Том Хэнкс жарымен бірге коронавирус жұқтырды, деп жазады ВВС.

Алматы, NEGE. Актер Том Хэнкс зайыбы Рита Уилсонмен бірге қажетті ем алуда. Осыдан бірнеше күн бұрын жұлдызды жұп суық тиюдің белгілерін байқап, дәрігердің көмегіне жүгінген. Тексерудің нәтижесінде 63 жастағы әртіс әйелімен бірге карантинге жабылды.

«Біз өзімізді аздап шаршағандай сезіндік. Суық тию белгілері пайда болып, денеміз ауырды. Рита аздап қалтырап жүрді. Сондай-ақ, дене қызуымыз да болған. Коронавирусқа тест тапсырсақ, олар оң болып шықты», - деп жазды инстаграм парақшасына Том Хэнкс.

Хэнкс әйелі екеуінің жағдайы туралы барлығын хабардар етіп отыратынын және үйдегі карантинде қажетті уақыт өткенше отыратынын хабарлады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации